Балаларды қорғау күні: Елордада инклюзивті спорттық жарыстар өтті

30 мамыр, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Балаларды қорғау күні: Елордада инклюзивті спорттық жарыстар өтті
фото: Астана қаласы әкімдігі

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елорданың Паралимпиадалық жаттығу орталығында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті спорттық жарыстар өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Биыл дәстүрге айналған бұл жарыстарға 50-ден астам бала қатысты. Олар ата-аналарымен, жаттықтырушылармен, еріктілермен және қонақтармен бірге бұл күнді ерекше өткізді.

Спорттық мерекенің арнайы қонағы – Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев болды.

фото: Астана қаласы әкімдігі

Қазақстанның Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті Қайрат Боранбаев мұндай іс-шаралардың ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді және ынталандырушы орта қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.

«Мұндай іс-шараларға қатысу мүмкіндігі – жай ғана көңіл көтеру емес. Бұл баланың өз тәжірибесінің құндылығын сезініп, өз күшіне сенуіне және қоғаммен байланысын сезінуіне жасалған қадам», - деді ол.

Көңілді жарыстар Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен өтті.

фото: Астана қаласы әкімдігі