Астаналық студенттер халықаралық жарыста топ жарды
Қытайдың Сиянь қаласында өткен ғылыми-технологиялық, индустриялық инновацияларды, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Бір белдеу, бір жол» атты студенттер арасындағы Халықаралық сайыста Astana IT University командасы I орын иеленді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Команда мүшелері магистрант Нұрлан Абзалбеков пен колледж студенті Қуандық Нұрайым күн панельдерін БПЛА және жасанды интеллектті қолдану арқылы тексеруге арналған веб-платформа «Energy Drones AI» жобасымен бақ сынасты. Жобаның басты мақсаты — күн панельдеріндегі ақауларды анықтаудың тиімді шешімін ұсыну.
«Студенттер қазіргі кезде барлық ақауларды анықтай алмайтын мониторинг жүйелерінің жұмысын дронмен түсірілген суреттер және AI мен CV негізіндегі веб-платформасымен толықтыруды ұсынды. Бұл тұста 95% дәлдікке жететін алдыңғы қатарлы нейрондық желілерді (KAN, CNN, ResNet-8) қолданатын Energy Drones AI тексеру дәлдігін арттырады», - деп көрсетті Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Байқауға 6000 жоба қатысып ақтық мәреге 14 мемлекеттен 579 жоба жолдама алды.