Астаналық оқушылар теңіз әлеміне саяхат жасады
Байқоңыр ауданының оқушылары теңіз әлеміне саяхат жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында «Байқоңыр» ауданының оқушылары елордадағы «Айленд» ойын-сауық орталығына барды. Онда океанариум, экзотариум залдарын тамашалап, теңіз әлеміне саяхат жасады.
Олар аквариумға кірген кезде балалар бірден теңіз әлеміндегі ғажайып атмосфераны сезінді. Түрлі-түсті балықтар мен маржандарға толы үлкен аквариум оларды қатты қуантты. Айналаның бәрі ертегілер әлеміндей болып көрінді.
«Осы орайда аталған іс-шараға қолдау білдірген «Айленд» ойын-сауық орталығына алғысымызды білдіреміз. Мереке қарсаңында балаларға арналған бұқаралық шаралар әлі де жалғасады», - деп жазылған хабарламада.