Астанада жол үстінде жаға жыртысқандардың ісі сотта қаралды

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жолда төбелескен екі азаматқа қатысты іс қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Сот құқық бұзушы А.-ны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады. Азамат К. әскери қызметші болып табылады және оқиға қызметтік міндеттерін атқару кезінде болған, осыған байланысты сот оны кінәлі деп танып, тәртіптік жаза қолдану үшін іс материалдарын әскери қызмет атқару орнына жіберді. ӘҚБтК-нің 32-бабына сәйкес қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауапқа тартылады», - деді Астана қалалық соты.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:24
Тамыз конференциясы: Астана қалалық ұстаздар форумы өтіп жатыр

Бүгін, 16:13
«Қонақүй брондауды растамаған»: Елордалық полицейлер Швейцариядан келген туриске көмек көрсетті

Бүгін, 14:11
Елордада SOS батырмасы арқылы жоғалған қыз табылды

Бүгін, 13:14
Биыл елордада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып жатыр