Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Бүгін, 10:08
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views50
Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Төле би, Е67, Е69 көшелерімен шектелген аумақта көшелер салу (жобалық атауы). 2-кезең  Төле би көшесінен А.Бектұров көшесіне дейінгі Е67, Е68 көшелері» жобасы аясында құрылыс жұмысын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осыған байланысты, 2 қыркүйектен бастап Е67 көшесінің А.Бектұров көшесінен Төле би көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.