00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері біржолғы төлем алды

Астанада соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері біржолғы төлем алды
Фото: el.kz

Астанада Жеңіс күніне орай 3 671 адам біржолғы төлем алды. Олардың қатарында соғыс ардагерлері, өзге мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарға қатысқандар, тыл еңбеккерлері және т.б. бар, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде елордада Екінші дүниежүзілік соғыстың 10 ардагері тұрады. Жеңіс күніне олардың әрқайсысына біржолғы төлем ретінде 1,5 млн теңге қарастырылды.

ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен бөлек, жеңілдіктер бойынша Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген 436 адам 120 750 теңгеден алады. Олардың қатарында ЕДС кезеңінде қызмет еткен 13 әскери қызметші, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан жандар, Ленинградта блокада кезеңінде еңбек еткен азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, мүгедек болған әскери қызметшілер бар.

Өзге мемлекеттердің аумағында болған әскери іс-қимылдардың ардагерлеріне (Ауғанстандағы әскери іс-қимылдан басқа) - тәжік-ауған учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында, Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан міндеттерді орындаған әскери қызметшілерге 35 АЕК (120 750 теңге) мөлшерінде төлемдер көзделген.

Елордада 899 адам бар.

Тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған ЕДС мүгедектерінің жұбайлары 9 мамырға орай 11 АЕК (37 950 теңге) мөлшерінде төлем алады.

Осылайша Жеңіс күніне орай 3 671 адам жалпы сомасы 264,4 млн теңге болатын біржолғы төлем алды.

Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражатынан Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне мынадай қызметтер тегін көрсетіледі:

- коммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы, ол ай сайын пәтердің ауданына байланысты 5-тен 8 АЕК-ке дейінгі мөлшерде бөлінеді;

- дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

- мерзімді басылымдарға жазылуға, моншаларға, шаштараздарға жылына бір рет баруға (жыл басында жеке шоттарына 6,5 АЕК аударылады) әлеуметтік көмек;

- санаториялық-курорттық емдеу қызметтері;

- қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүру;

- тіс протездеу қызметі.