Бас қалада республикалық «Халық заңгері» акциясы өтеді


Елдің ірі қалаларында, соның ішінде Астанада 30 мамыр күні республикалық «Халық заңгері» акциясы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ниет білдірген кез келген адам тегін заңгерлік кеңес алып, мемлекеттік органдар өкілдеріне тікелей жүгіне алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Акция 30 мамырда еліміздің қалалары мен елді мекендерінде өтеді.
Мемлекеттік органдар, елдің үздік заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, құқықтық кез келген сұрақ бойынша консультация береді. Қатысушылар үшін кіру тегін. Толығырақ және нақты кеңес алу үшін азаматтар өз ісіне қатысты құжаттарын бірге алып келуі қажет.
Акция өтетін орындар туралы ақпаратты https://lp.prg.kz/kk/narod-jur-2025/ сайтынан алуға болады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар қатарында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар коллегиясы, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары бар.



