Астанада полиция қызметкері көз жұмды
![Сабина Кәкімжан](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астанада полиция қызметкері көз жұмды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173865796332364030.webp)
Әлеуметтік желілерде елордадағы спорт кешендерінің бірінде полиция қызметкері көз жұмды деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Астана қаласы полиция департаменті растады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Алдын ала анықталғандай, полиция қызметкері жаттығудан кейін залдың шыға берісінде есінен танып құлап қалған. Жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл жеткенімен оның өмірін құтқарып қала алмаған. Медициналық тексеру нәтижесі бойынша өлімге миокард инфаркті себеп болған», - деп жазылған полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазіргі кезде осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Мезгілсіз дүниеден өткен Астана қаласы полиция департаментінің ЖҚАЖ (жедел қимылдайтын арнайы жасағы)аға инспекторы, полиция майоры Қасымхан Мелдебековтің отбасына және жақындарына көңіл айтамын. Ол өз қызметіне адал офицер, елім деген ер болды. Оның мемлекет алдындағы қызметіне баға жетпес. Ішкі істер министрлігі оның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді», - деді ІІМ Ержан Сәденов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)