Астанада нашақорлыққа қарсы күреске арналған айлық басталды

Бүгін, 12:37
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views39
Астанада нашақорлыққа қарсы күреске арналған айлық басталды
Фото: Polisia.kz

Елордада нашақорлыққа қарсы күреске арналған айлық басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында елордада нашақорлыққа қарсы бағытталған 30 күндік кешенді профилактикалық іс-шара басталды. Полиция департаментінде прокуратура, полиция қызметкерлері және нашақорлықтың алдын алу мен есірткі қылмысына  қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штаб мүшелерінің қатысуымен  кеңес өтті.

«Нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес – құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі. Бұл барлық құрылыммен тығыз өзара әрекеттесуді талап етеді. Біз жүйелі түрде профилактикаға басымдық беріп отырмыз және тек қоғаммен бірлескен жұмыс қана жастарды қорғап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп сенеміз», - деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Іс-шаралар кешені аясында бірлескен рейдтер, оқу орындарында профилактикалық кездесулер өткізу, сондай-ақ тыйым салынған заттарды тарататын интернет-ресурстарды анықтау және жою жұмыстары жүргізіледі. Мұнда халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылады.