00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астанада «Халық қатысатын бюджет-2025» жобасына өтінім қабылдау басталды

Астанада «Халық қатысатын бюджет-2025» жобасына өтінім қабылдау басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Халық қатысатын бюджет-2025» жобасы аясында «Алматы» ауданында абаттандыруға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – ауданды жақсарту үшін тұрғындардың ұсыныстары мен бастамаларын іске асыру.

Жобаға «Алматы» ауданының аумағында тұратын барлық кәмелетке толған азаматтар қатыса алады.

«Егер сіздердің ұсынысыңыз дауыс беру барысында басқа тұрғындардан қолдау алса, ол осы жылы қалалық бюджет қаражатын пайдалана отырып іске асыруға ұсынылатын болады.

Сіз өз ұсыныстарыңызды «Алматы» ауданы әкімдігінің ресми сайтында «Халық қатысатын бюджет-2025» бөліміне қалдыра аласыз», - делінген хабарламада.

Өз ұсынысыңызды ұсыну үшін жобаның атауы мен сипаттамасын көрсете отырып, сауалнаманы толтыру, эскиз бен алдын ала сметаны, сондай-ақ аумақтың ағымдағы жай-күйінің фотосуреттерін тіркеу қажет.

Қаласаңыз, презентация да қосуға болады. Сол бөлімде Сіз жоба ережелерін, жобалық ұсыныстың үлгісін, іс-шараларды іске асыру мерзімдерін және сараптамалық кеңестің құрамын таба аласыз.

Сараптамалық кеңес жұмысының нәтижелері әкімдіктің сайтында жарияланатын болады. Қабылданған шешімдердің негізінде «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ жобалық ұсыныстарды іске асыруды бастайды.

Жобалық ұсыныстардың орындалу барысы, сондай-ақ оларды іске асыру қорытындылары туралы ақпарат әкімдіктің сайтында орналастырылатын болады.

Айта кетейік, өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 1 наурызына дейін жалғасады.