00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада Диснейленд салынады

Астанада Диснейленд салынады
Фото: Pixabay

Астана қаласында «Жібек жолы» деп аталатын Диснейленд салынбақ, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жаңа жоба Шанхайдағы Диснейлендке ұқсас болады деп жоспарланған. Бұл туралы «Астана архитектурасының» Instagram парақшасында жазылды. 

Ірі жобаға байланысты елордада келіссөз өтті.

«Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Astana Invest кеңсесінде Басқарма төрағасының орынбасары Орынбек Қуаныш ULKENBAY компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде Шанхай қаласындағы Диснейлендке ұқсайтын аттракциондар паркінің құрылысы бойынша ауқымды жоба талқыланды. «Жібек жолы» деп аталатын ойын-сауық кешені Қазақстан мен Қытай мәдени ерекшеліктерін үйлестіретін болады», - делінген ақпаратта.

Аталмыш жобаға 10 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылады. Оның жалпы ауданы 400 га асады деп отыр.