Астанада BaiQymyz гастрофестивалінің жеңімпаздары анықталды

Бүгін, 09:01
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада BaiQymyz гастрофестивалінің жеңімпаздары анықталды
Фото: Сұлтан Сейіт

Астанадағы «Қазанат» ипподромында 19-20 шілде күндері өткен қазақ халқының дәстүрлі сусыны қымызға арналған «BaiQymyz – бапталған қымыз» атты гастрофестивальдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Халықтың дауыс беруімен І орынды Абай облысы, Саржал ауылы, «Жаныс» шаруа қожалығы жеңіп алып, 20 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Қарағанды облысы Қарқаралы өңірінің «Қарынши» шаруа қожалығы 2-орын алып, 15 миллион теңгемен марапатталды.

Ал үшінші орынға ие болған Ақмола облысы, Бурабай ауданы «Қымызынай» өнімі 10 миллион теңгеге ие болды.

Фестиваль барысында ұлттық тағамдар мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәмі мен сапасына ерекше мән берілді. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды құттықтап, қазақ гастрономиясын дәріптеуге қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.