Астанада қазақ тазысын өсіретін аңшылық клуб марапатталды

Фото: NOMAD ұлттық аңшылық клубынан
Астанада қазақ тазысын сақтау және өсіру жөніндегі әлеуметтік жобаға қосқан елеулі үлесі үшін NOMAD ұлттық аңшылық клубының командасы қалалық әкімдіктің сыйлығымен марапатталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
NOMAD ұлттық аңшылық клубы – ұлттық аңшылық дәстүрлерін сақтауға және қазақ тазысын өсіруге құмар әуесқойлардың бірлестігі.
Клуб ұжымы мәдени мұраны сақтауға зор үлес қосып, осы ерекше тұқымды кеңінен насихаттауға белсене атсалысуда.
Астана қаласы әкімдігі атап өткендей, бұл марапат – ұлттық мұраны сақтау және тазы тұқымын дамыту жөніндегі қоғамдық қор белсенділерінің еңбегі мен қамқорлығы үшін табысталды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 19:04
Астанада тұңғыш рет оқушыға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

Бүгін, 16:29
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

Бүгін, 15:43
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр

Бүгін, 15:07
Астанада Бейбітшілік пен келісім саябағы ашылды