Астанада Арыс көпірі ішінара жабылады

Бүгін, 09:37
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views53
Астанада Арыс көпірі ішінара жабылады
Фото: Астана қаласы әкімшілігі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арыс көпірі бойынша деформациялық тігісті жөндеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 5-15 қыркүйек аралығында көлік қозғалысы ішінара шектелетін болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.