00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада қаламгерлер арасында Республика күніне орай бильярдтан турнир өтті

25 қазан, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада қаламгерлер арасында Республика күніне орай бильярдтан турнир өтті
фото: Оңалхан Өнерхан

Республика күні мен Мәслихаттардың 30 жылдығы аясында «Elorda Aqparat» медиахолдингінің ұйымдастыруымен журналистер мен жазушылар арасында бильярдтан жарыс өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Турнир осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Оған белгілі ақын-жазушылар, журналистер, медиаменеджерлер мен баспасөз өкілдері қатысты.

Турнирдің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов қатысушыларға сәттілік тіледі.

«1990 жылы 25 қазанда егемендігіміз туралы декларацияға қол қойылып, жеке мемлекет құрамыз деген ойымызды әлемге жариялаған болатынбыз. Содан бері міне 34 жыл өтті. Атқарылған шаруа көп, алдыңғы 3-4 аға буынның өкілдері еліміздің қалыптасып дамуына, бүгінгі күнге жетуіне өлшеусіз үлес қосты, әр саланың өкілдері аянбай еңбек етті. Бүгінгі экономикалық-саяси жетістігіміз, әлемдік аренадағы беделіміздің барлығы халқымыздың еңбегі.

«Elorda Aqparat» медиахолдингі Республика күніне орай 3 жыл қатарынан өткізіп отырған бильярд турнирі Мәслихаттардың 30 жылдығы аясында өткізілетін іс шаралар жоспарына енген болатын. Сондықтан арнайы жүлделер тағайындап отырмыз.

Баршаңызды осы керемет мерекемен құттықтаймын. Әр шаңыраққа береке-бірлік, бақ, денсаулық тілейміз. Еңбектеріңіздің толағай жемісін көре беріңіздер, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деді Ерлан Каналимов.

Жарыстың бас төрешісі Несiп Жүнicбайұлы ойын ережесін түсіндірді. Негізгі жүлде қорынан бөлек жеңімпаздарға арнаулы сыйлықтар тағайындалды.  Сондай-ақ, үздік ойын көрсеткен қатысушылар «Мәдениетті ойыншы», «Алғашқы шар», «Мерген ойыншы», «Шебер ойыншы», «Үздік дуплет» аталымдары бойынша марапатталды.