Астанада А.Бараев көшесіндегі жерасты көлік өткелінде жөндеу жұмысы жүріп жатыр

Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 25 шілдеден бастап А.Бараев көшесінің бойындағы жерасты көлік өткелінде қабырғаларды қаптау және жиектастарды ауыстыру жұмысын жүргізіп келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жұмыстардың жалғасуына байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар