Алаяқтық жолмен азаматтардың 11 млн теңгесін иемденіп кеткен астаналық жасөспірім сотталды
Алаяқтық жолмен азаматтардың 11 млн теңгесін иемденіп кеткен астаналық жасөспірім сотталды, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Алаяқ банк қосымшасы арқылы елорда тұрғындарына ақшалай кредиттерді ресімдеу жоспарын әзірлеген. Жәбірленушілердің ақшаларын трейдингтік компанияларға инвестициялайтынын айтып, несиені өзі жабуға уәде берген. Сонымен қатар, жәбірленушілерді қарыз сомасының 22%, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10% түріндегі сыйақы үлесін алатындарымен алдаған.
«Осылайша, кәмелетке толмаған 20 жәбірленушінің 11 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын жымқырған. Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеп, оның жәбірленушілер үшін табыс табу ниеті болмағанын анықтады. Барлық ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағаны сотта дәлелденді», - деп көрсетті Астана қаласының прокуратурасы.
Сот үкімімен жәбірленушілерге келтірілген залал толықтай өндіріліп кінәлі тұлға сотталды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енді.