Ақтөбеде мешіт ішінде қызға тиіскен ер адам жауапқа тартылды

27 шілде, 2025
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views203
Ақтөбеде мешіт ішінде қызға тиіскен ер адам жауапқа тартылды
Ақтөбе полиция департаменті

Оқиға 25 шілде күні Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде болды, Elordainfo.kz. 

Шығаберіс есік алдында ер адам келуші қыздың жолын бөгеп, әдепсіз астары бар сөздер айтқан. Аталған оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ер адамның кім екені анықталды. Мән-жайды анықтау үшін ол ішкі істер органдарына жеткізілді. Құқықбұзушыға түсіндіру жұмысы жүргізілді. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабы 2-бөлігіне (Қоғамдық орында тиісу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберіледі, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.