"Теміржолшылар" тұрғын алабында газ тарату желілерінің жұмыстары аяқталды – Есполов
"Теміржолшылар" тұрғын алабында газ тарату желілерін салу жұмыстары 100 пайызға аяқталды. Бұл туралы Алматы ауданының әкімі Бектенбай Есполов Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Соңғы күндері күн сайын "Теміржолшылар" тұрғын алабының тұрғындарымен кездесулер өткіздім. Нысандарды қарау барысында біз әр көшенің белсенді тұрғындарымен байланыс орнатып, тиімді диалог құрып, газдандыруға қатысты сұрақтарға жауап бердік. Газдандыру жобасы бірнеше кезеңге бөлінеді. "Теміржолшылар" тұрғын алабында газ тарату желілерін салу жұмыстары 100 пайызға аяқталды. Жылыту маусымына дейін "Өндіріс" тұрғын алабының желілер құрылысын аяқтау жоспарлануда", – деп жазды аудан әкімі.
Оның сөзінше, барлық қажетті кеңесті Ж.Жабаев көшесі, 12/2 мекенжайында орналасқан кеңседе алуға мүмкіндік бар.
Сондай-ақ газдандыру мәселесі бойынша жауапты бас инспекторларға хабарласуға болады: Кәкімбеков Нұржан Ержанұлы, 8-778-669-97-70 және Сыздықов Аян Теміртасұлы, 8-778-900-61-51.
"Газбен жабдықтауға қосылғысы келетіндер үшін орташа есеппен 10-нан 15 күнге дейін созылатындығын айтқым келеді, есептеу құралдарын шығару 10 қыркүйектен басталады. Газды қосу немесе қоспау тұрғындардың өздері шешеді. Біз өз тарапымыздан сізге барлық қажетті ақпарат пен кеңестер беруге дайынбыз", – деді ол.