Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады
ашық дереккөз

Бүгінде Эмиль Райкович командасының қоржынында 124,3 ұпай бар. «Дала арландары» әлемде 74-ші, Азия құрлығында 12-ші орында тұр. Халықаралық баскетбол федерациясы (ФИБА) Қазақстан командасын рейтингте біраз жоғарылағаны үшін ерекше атап өтті. Ал үздк бестік өзгеріссіз қалды. АҚШ командасы бірінші, Австралия екінші, Аргентина үшінші, Сербия төртінші , Франция бесінші сатыда. Азия бойынша үздіктер қатарына Иран, Жаңа Зеландия, Қытай мен Оңтүстік Корея кірген.