Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды
ашық дереккөз

Тараптар әскери ынтымақтастықтың, өңірлік қауіпсіздіктің, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ шеңберіндегі көпжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Нұрлан Ермекбаев пен Талайбек Өмірәлиев Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету, сондай-ақ 2021 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспары туралы келісімге қол қойды.

«Бүгінгі кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтар қорғаныс саласындағы бұдан әрі тәжірибелік өзара іс-қимылға негіз болады деп сенемін», - деп Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы атап өтті.

Кездесу барысында екі елдің Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы, соның ішінде осы жылы Қазақстан аумағында «Аңырақай» бірлескен оқу-жаттығуын өткізу, биылғы Армия халықаралық ойындарының сайыстарына қатысу, арнайы операциялар күштерін даярлау іс-шаралары, сондай-ақ әскери білім шеңберінде әрі қарай өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.