2021 жылдың 2 айында елімізде 2 мыңға жуық өрт тіркелді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![2021 жылдың 2 айында елімізде 2 мыңға жуық өрт тіркелді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112268614280007.webp)
Өткен жылы елімізде 13 933 өрт тіркелді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4%-ға төмен. Өрт кезінде жарақат алғандардың саны 7%-ға азайды. Министрдің айтуынша 2020 жылы өрт сөндірушілер 8 419 адамды құтқарған. Бұл ретте өртте қайтыс болған адамдардың саны 19%-ға артты. Былтыр табиғи газбен улану салдарынан 22 адам, газ баллон қондырғыларының жарылысынан 11 адам қайтыс болған. «2021 жылдың 2 айында елімізде 1 931 өрт тіркелді. Бұл ретте 1 354 адам құтқарылды, 99 адам, оның 13 бала қайтыс болды. 104 адам, оның ішінде 12 бала жарақат алды, деп көрсетті министр. Әлеуметтік осал отбасылар тұратын 118 мыңнан астам тұрғын үй есепке алынды, оларға 100% түсіндіру жұмыстары жүргізілді, шамамен 400 мың адамға нұсқау берілген. Бұдан басқа, автономды жылыту жүйелері бар 2 млн.жуық тұрғын үйлерге аралау жүргізілді. Әкімдіктермен бірлесіп автономды жылыту жүйесі бар үйлерге датчиктер орнату жұмысы жалғастырылды, барлығы 118 мыңнан астам датчик орнатылды.