Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда халықаралық конференция өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда халықаралық конференция өтеді
ашық дереккөз

Аталған конференция  3 наурыз, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының ғылыми кеңес залында (№ 259, 2-қабат) сағат 14.00-ге  жоспарлануда.
Конференция жұмысына еліміздің белгілі алаштанушыларымен қатар Түркия Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының тарихшы-ғалымдары қатысып, баяндама жасайды.
Халықаралық конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ғалымдар мен қаламгерлер, жас алаштанушылар және БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.