Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады
Егілгендерді есептеу және иммундық жағдайды е-gov mobile «Вакцинация» және «Цифрлық құжаттар» қызметіндегі вакцинация паспорты арқылы бақылау жоспарлануда. Бұл вакцинация көлемін және аурудың болжамын жоспарлауға көмектеседі. Вакцинацияның қолда бар нәтижелерін ескере отырып, осы жылдың екінші жартыжылдығына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасалды. «Бүкіл әлем вакцинация ғана қалыпты өмірге карантинсіз оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Осыған байланысты өңірлер иммунопрофилактика бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», - деді А.Цой. Алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі ресейлік «Спутник V» вакцинасы рекордтық мерзімде сатып алынғанын еске салды. Бүгінде ол Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілуде. Отандық тауар бекітілген кестеге сәйкес – биыл 24 ақпанда жеткізіледі. Сонымен қатар, биыл сәуір айында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген – отандық «QazCovid-in» вакцинасын қолдану жоспарланған. Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық егуге арналған вакцинаны тасымалдағанда салқын жерде сақтау бойынша стандартты операциялық рәсімдер әзірледі және бекітті. 2 мыңнан астам медицина қызметкерлері КВИ-ге қарсы вакцинация тактикасы, вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша оқытылды.