Елордада мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакцинациялау басталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакцинациялау басталды
ашық дереккөз

Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді. Осы санаттағы адамдарды вакцинациялау үшін Нұр-Сұлтанда 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе егу бөлмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ екпе салдыртуда ведомствоаралық ұйымдар да қатысады. «Мұғалімдер мен тәрбиешілерге вакцинация АМСК ұйымдарына білім беру ұйымы бекітілген жері бойынша жасалады. Вакцина алатындардың тізімдері жасалды, тиісті емханаларға жіберілді », - деп мәлімдеді Басқармада. 1 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанда барлығы 2126 адам коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды. Өткен демалыс күндері Басқарманың қоймаларына 7 мыңнан астам жаңа доза вакцина түсті.