Елордада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған іс-шара өтті
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен іс-шараға №4 мектеп-гимназиясының оқушылары мен «NS-35» Нұр-Сұлтан қаласының орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.№4 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерке Тулбаканқызы Жамбыл ақынға арналған шараның тәрбиелік мәніне тоқталды. Шара барысында «Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысының түлектері мен «Сервис және туризм» колледжінің түлектері Жамбыл ақынның өлеңдерін оқып, мектеп оқушылары ақын өмірін баяндайтын қойылым көрсетті, күй тартып, ақынның бай мұрасы туралы әңгімеледі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" КММ ұйымдастыру бөлімінің маманыӘлфараби Аймақтың айтуынша, Жамбыл ақынға арналған іс-шара жас өрендердің өлең-жырға деген сүйіспеншілігін арттырып, туған елді сүюге тәрбиелейді. Сондай ақ, «Астана жастары» КММ ұйымдастыруымен келесі аптада №76 мектепте алашордашы, қайраткер тұлға Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай іс-шара өтеді. Күш атасы Қажымұқан атамыз да ескерусіз қалмайды. Жас ұрпаққа берері мол осындай іс-шаралар жыл бойына жалғасатын болады.
Ұқсас жаңалықтар