Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай халық ақынының өлеңдерін оқыды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай халық ақынының өлеңдерін оқыды
ашық дереккөз

Іс-шараға қатысушылар ақынның қазақ, украин және орыс тілдеріндегі өлеңдерін - «Тарас», «Алатау», «Ұлына жауап» және тағы басқаларын жатқа оқып, өмірбаянын айтып берді, сонымен қатар, қазақтың дәстүрлі тағамдарымен шай дастарханын ұйымдастырды.

Жалпыға мәлім, биыл еліміз Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтеді. Киев көшелерінің бірі оның құрметіне аталған және «Нивки» саябағында ескерткіш орнатылған.