«Батырлар арамызда жүр!» атты дәрігерлер энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Батырлар арамызда жүр!» атты дәрігерлер энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112282712132729.webp)
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/02/1-3.jpeg)
Министр бүгінде қоғам алдында дәрігерлердің мәртебесін көтеру және медицина мамандығының бұрынғы беделін қайтару сынды маңызды міндет тұрғанын еске салды. Пандемия дәрігер мамандығының рөлін қайта қарауға мәжбүрледі. “Инфекционист және өзге де дәрігерлер өте қиын жағдайда еңбек етті. Жұмыстың ауырлығына, қажып, шаршағандарына, отбасы мен туыстарын көрмей ауруханада жүргендеріне қарамастан, олар үлкен сынаққа төтеп берді, өмірлеріндегі ең қорқынышты және қауіпті кезекшілікті абыроймен атқарды. Мұның бәрі құрметке, алғысқа лайық”, - деді А.Цой. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қазақстандық медицина қарқынды даму жолына түсіп, бүгінде бұл салада талантты, батыл да білікті ақ халаттылар еңбек етуде. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Батырлар арамызда жүр!” атты дәрігерлерге арналаған кітап әзірленуде. Басылымның мақсаты - медицина қызметкерлеріне құрмет көрсету, сондай-ақ пандемия кезінде “Біз біргеміз!” деген ұранмен азаматтардың денсаулығын қорғауда алдына жан салмаған ақ халаттылардың ерлігін ұлықтау.