Ақтоты Райымқұлова Меруерт Өтекешованы 70 жасқа толуымен құттықтады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ақтоты Райымқұлова Меруерт Өтекешованы 70 жасқа толуымен құттықтады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211228507855846.webp)
ашық дереккөз
«Құрметті Меруерт Қаратайқызы! Сізді мерейлі 70 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз Ұлы Дала елінің мəдениетін байытуға зор үлес қосып келе жатқан театр жəне кино тарланы ретінде қалың қазақтың құрметіне бөленіп келесіз. Ұзақ жылдан бері ұлттық сахна өнерінің қара шаңырағы саналатын М.Əуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жемісті еңбек етіп, ізіңізден ерген көп шəкірттің кумиріне айналдыңыз. Екі алып өзен сияқты болған театр мен кинода сан қырлы бейнелер, бояуы қанық бірегей туындылар арқылы көрерменнің көзін арбап, рухани көмбесін толтыруға атсалысып жатырсыз. Кино əлеміндегі «Қыз Жібек», «Аждаһа жылы», «Өрнек», «Арман қала» және өзге де фильмдеріңіз қазақ кинематографиясының құнды қазынасы. Алдағы уақытта да жүрегіңізден шуақ шашқан шабыт пен өнердің нұры сейілмесін. Осынау ерекше сəтті пайдалана отырып, Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, шаңырағыңызға құт-береке тілмеймін!», - деп жазылған министрдің құттықтау хатында.
Ұқсас жаңалықтар