«BELKA. STRELKA» және «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталарының сатылымға шығатын күні жарияланды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«BELKA. STRELKA» және «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталарының сатылымға шығатын күні жарияланды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112279849608951.webp)
ашық дереккөз
«Космос» сериясынан «BELKA. STRELKA» монеталары – 1 наурызда, «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» сериясынан «SÚNDET TOI» – 9 наурызда сатылымға шығады. Олар әлеуметтік қашықтықты және белгіленген эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары арқылы сатылады. Сонымен қатар «MEDEÝ» коллекциялық монеталарын сату форматы өзгергенін хабарлаймыз. Олар интернет-дүкенде, сондай-ақ Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында сатылады. «MEDEÝ» монеталарының сатылымға шығатын күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша хабарланады.
Ұқсас жаңалықтар