Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай әдеби-музейлік перформанс өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай әдеби-музейлік перформанс өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112285017110845.webp)
Жастарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріп, шығармаларын насихаттау, ақынның соңына қалдырған баға жетпес мұрасының ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беруіне ықпал ету мақсатында өткен іс-шараға Оқушылар сарайы «Жас қаламгер» үйірмесінің тәрбиеленушілері, №70 мектеп-лицейінің оқушылары мен ҚазҰӨУ-нің студенттері қатысты.
Іс-шарада «Жас қаламгер» үйірмесінің тәрбиеленушілері ақынның өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқып, «Фариза» әнін домбырада шырқады. Ал Қазақ ұлттық өнер университетінің «Драма театр және кино артисі» мамандығының 1-курс студенттері ақын өлеңдеріне арналған ән-жырдан композиция қойды.
Іс-шара соңында сөз алған Қазақ ұлттық өнер университетінің «Сахна тілі» пәнінің оқытушысы, ҚР еңбек сіңірген әртісі, ЖАК профессоры Жұмагүл Мейрамова мен Экскурсиялық жұмыстар, музей педагогикасы және экспозициялық залдарды сақтау қызметі басшысы Жанар Беисова жастарға алғыс айтып, өз ризашылықтарын білдірді.
Әдеби-музейлік перформанс барысында Қазақ ұлттық өнер университетінің Грим және металл мамандығының студенттері түрлі әдістермен ақын бейнесін қылқаламмен суреттеді.