ТЖМ: 155 техника қар құрсауынан шығарылып, 500-дей адам құтқарылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ТЖМ: 155 техника қар құрсауынан шығарылып, 500-дей адам құтқарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112284048254421.webp)
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО және Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды.
ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб құрылды, оған «Қазақавтожол» ЖШС және «ҚазАвтоЖол»ҰК АҚ қызметкерлері кірді. ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша осындай штабтар Ақмола, СҚО, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 51 учаскесі және 9 өңірде 61 облыстық маңызы бар учаске жабылды. Бұл Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
Бекеттерде Қостанай, Ақмола, СҚО және Ақтөбе облыстарында барлығы 359 бірлік автокөлік шоғырланған. Жабық жол учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін 473 жылыту пункті дайын. Қазіргі уақытта 267 адам орналастырылды.
«1 136 бірлік техника мөлшерінде 14 рет колонналық алып жүру ұйымдастырылды. Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтері, ЖАО барлығы 662 адам және 423 бірлік техника жұмылдырылды», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.