Путинцева Аделаида турнирінің екінші айналымына шықты
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Путинцева Аделаида турнирінің екінші айналымына шықты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112284631288170.webp)
ашық дереккөз
Осы жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 54-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен кездесті. Бірінші партияда Ю.Путинцева брейк жасап, жеңіске жете алды – 6:4. Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкке қол жеткізді. Алайда Л.Зигемунд сол бойда қарымта қайырып, таразы басын теңестірді – 3:3. Дегенмен Ю.Путинцева матчты тағы бір брейкпен бітірді – 6:4. Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 49 минутқа созылды. Юлия ширек финалға шығу үшін рейтингте 292-сатыдағы аустралиялық Сторм Сэндерспен таласады.
Ұқсас жаңалықтар