Сархат Бейсенова: Елордадағы студенттер арасында коронавирус жұқтырған 174 жағдай тіркелді
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Елордадағы студенттер арасында коронавирус жұқтырған 174 жағдай тіркелді. Оның 35-і колледж студенттері болса, 139-ы жоғары оқу орындарының студенттері. Соның ішінде офлайн форматта оқитын студенттер саны – 10. Оның алтауы жоғары оқу орнында оқитындар, төртеуі орта арнаулы оқу орындарының студенті болып шыққан. Айта кету керек, 30 қаңтардан бастап елорда «сары» аймақта тұр. Алайда жағдай күн сайын өзгеруі мүмкін. Мысалы, қазіргі уақытта күніне қала бойынша 50-ден 130-ға дейін вирус жұқтырған жағдай тіркеледі. Ауру санының көбеюі тек тест тапсыратындардың саны артқанымен ғана емес, шектеу шараларын орындамаумен де байланысты», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар