Ақпанның басынан бері елордада 2 192 адамның КВИ жұқтырғаны тіркелді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ақпанның басынан бері елордада 2 192 адамның КВИ жұқтырғаны тіркелді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112291122661904.webp)
ашық дереккөз
«Елордадағы барлық контингент арасында коронавирус инфекциясының тіркелуі әлі де жалғасуда. Қаңтар айында 3 763 жағдай тіркелді. Ақпанның басынан бері 2 192 жағдай тіркелді. ПТР тесттің теріс нәтижесі бар коронавирустық инфекциялық жағдайларының барлығы – 80 жағдай. Оның 55-і қаңтар айында, 25-і ақпан айында тіркеліп отыр. Бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясының 72 жағдайы тіркелді, оның 49-ы симптоматикалық, 23-і симптомсыз түрі. 84 ошақ анықталды. Оның 66-сы үй жағдайында, 18-і ұйымдаспаған топтарда. Соңғы аптадағы жағдай өткен аптамен салыстырғанда 7,17 пайызға төмендегені байқалады. Қарқынды көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 55-58 және репродуктивті саны 0,97-ні құрады», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар