ІІМ: 133 мың заңсыз мигрант Қазақстаннан өз еркімен кетті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ІІМ: 133 мың заңсыз мигрант Қазақстаннан өз еркімен кетті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211229416025467.webp)
Сонымен қатар көші-қон заңнамасын қасақана бұзу фактілері де анықталды. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында 582 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тиісті рұқсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілері бойынша 28 қылмыстық іс тіркелді. Мәселен, Шымкент қаласында Өзбекстанның 70 азаматы мен Қытайдың 62 азаматын жұмысқа заңсыз қабылдаған бірқатар заңды тұлғалар анықталды. Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, жедел-профилактикалық іс-шара барысында іздеуде жүрген 140 қылмыскер ұсталды. Олардың ішінде 129 қазақстандық, ТМД елдерінің 10 азаматы, сондай-ақ, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және бопсалау фактісі үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия азаматы бар. "Қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де өздерін қауіпсіз сезінуі тиіс. Бұл – полицияның негізгі міндеті. Сонымен бірге, біздің елде уақытша жүрген қонақтар заңдарды құрметтеуге және елде болу ережелерін бұзбауға міндетті. Сондықтан көші-қон қызметінің бұл бағыттағы жұмысы тұрақты түрде жүргізілуі тиіс", – деп атап өтті министр Е.Тұрғымбаев. Көші-қон қызметі комитетінің мәліметінше, көші-қон заңнамасын қасақана бұзушыларға қатысты заңсыз иммигранттарды шығаруға 969 сот шешімі шығарылған.