Қазақстандық теннисшілер елордада өтетін турнирге шақырту алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық теннисшілер елордада өтетін турнирге шақырту алды
ашық дереккөз

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ұйымдастырушылар Денис Евсеев, Тимофей Скатов және Достанбек Ташболатовқа осындай мүмкіндік берді. Жиырма жастағы Д.Ташболатов Team Kazakhstan академиясының түлегі. 2017 жылдың аяғында ол 18 жасқа дейінгілер арасындағы ресми емес әлем чемпионатында өзін жақсы қырынан көрсете білді. Достанбек Orange Bowl турнирінің финалына дейін жетіп, Australian Open жасөспірімдер турнирінің негізгі додасына жолдама алды. Алайда жарақаты Австралияда өнер көрсетуіне мүмкіндік берген жоқ.