Қанат Ислам кезекті жеңісіне қол жеткізді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қанат Ислам кезекті жеңісіне қол жеткізді
ашық дереккөз

Алғашқы секундтан бастап 36 жастағы қазақстандық боксшы басымдық танытты. Төртінші раундта Қанат Ислам эквадорлықты бірінші рет нокдаунға жіберді. Раунд өткен сайын Қанат қарсыласын тығырыққа тіреді. Жетінші раундта Минданың кезекті нокдаунынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Қанат Ислам 28-жекпе-жегінде 28-рет жеңіске жетті. Оның 22-сінде қарсыластарын нокаутқа жіберді.