Коронавирус: Қазақстанда «қызыл» аймақта ешбір өңір қалған жоқ

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Коронавирус: Қазақстанда «қызыл» аймақта ешбір өңір қалған жоқ
ашық дереккөз

20 ақпандағы матрицаға сәйкес, Қазақстанның ешбір облысы «қызыл» аймақта жоқ. Бірнеше күннен бері «қызыл» аймақта жалғыз өзі тұрақтап қалған Павлодар облысы «сары» аймаққа ауысты. «Сары» аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі - «жасыл» аймақта. Жалпы, Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.