Елордалық мәслихат депутаттары мен Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА өкілдері кездесті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық мәслихат депутаттары мен Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА өкілдері кездесті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112292225046380.webp)
Сонымен қатар ол елордадағы 22 этномәдени орталықта шамамен 5 мың адам жұмыс істеп жатқанын, олардың барлығы Достық үйінде қаладағы өнер мен мәдениетті дамытуға зор үлес қосып жатқанын атап өтті. “Елордалық Ассамблея тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп отыр. Ол үшін Достық үйінде ғылыми-сараптамалық топ, Қоғамдық келісім кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі құрылып, жемісті жұмыс жасап отыр. Олар сараптамалық, тәрбие және басқа да бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде. Өткен жылы 167 шара өтті. Оған 21 мыңдай алам қатысты. Карантиндік шектеулерге байланысты көптеген шаралар онлайн форматқа ауыстырылды. Сонымен қатар қайырымдылық шаралар да ұйымдастырылды. “Біз біргеміз”, “Мың алғыс”, “Мектепке жол”, “30 игі іс” акциялары аясында 145 шара өтіп, 6 мың адам көмек алды. Көрсетілген көмек көлемі 50 миллион теңгеге жуықтады”, - деді Ішкі саясат басқармасының басшысы. Жиын барысында мәслихаттың алдағы жұмыс жоспары таныстырылды. Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы КХА «ТАҢ» татар-башқұрт мәдени орталығы төрағасы Сергей Садықов Достық үйінде үлкен концерт залының жетіспейтінін жеткізді. Оның айтуынша, шаралар жиі өтетіндіктен, шақырылатын қонақтар мен өнер көрсетушілердің санын азайтуға тура келетін көрінеді. Бұл ретте ол қала басшылығы мен мәслихат депутаттарынан Достық үйінің маңынан қосымша ғимарат құрылысын салып беруді өтінді. Қалалық мәслихат хатшысы барлық ұсыныстар назарларынан тыс қалмайтынын айта келе, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс істейтінін атап өтті.