ТЖМ: Жолда қалған 77 адам эвакуацияланып, 20 адам құтқарылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ТЖМ: Жолда қалған 77 адам эвакуацияланып, 20 адам құтқарылды
ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Ол - Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары. [caption id="attachment_65451" align="alignnone" width="696"] Фото ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен[/caption] "ТЖМ Ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб құрылды. Оның құрымында «Қазавтожол» ҰК АҚ, «Казахавтодор» ЖШС өкілдері және ІІМ ӘПК қызметкері бар. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдай департаментінде де осындай штабтар жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, шектеулі көріну, көктайғақ) еліміздің бес өңірінде, Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесі мен облыстық маңызы бар автожолдардың 40 учаскесінде қозғалыс жабылды", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. Шұғыл жұмыстарға жалпы ТЖМ, ІІМ, жол қызметтері мен жергілікті атқарушы органдарынан 611 адам және 321 бірлік техника жұмылдырылды. [caption id="attachment_65452" align="alignnone" width="696"] Фото ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен[/caption] "Халықты эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде 284 жылыту пункті дайындалды. Онда 227 адам, оның ішінде 14 бала орналастырылды. Мәселен, СҚО 132, оның 7-і - бала, Қостанай облысында 64 адам, оның 7-і - бала. ТЖМ аумақтық бөлімшелері Ақмола, Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарындағы автожолдарда 77 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады, 20 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 21 СМС-хабарлама таратылды. «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 16 хабарлама жіберілді", - деді министрліктің ресми өкілі. [caption id="attachment_65453" align="alignnone" width="696"] Фото ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен[/caption] Уақтылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін Республикалық жедел штабта және өңірлерде (Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында) жедел байланыс желісі ашылды.