Елордалық Аntikor кәсіпкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық Аntikor кәсіпкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойды
ашық дереккөз

Қанат Жәнібеков Бизнес орталық пен «Хан ауылы» ұлттық мейрамханасының құрылысы бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Жобаның жалпы сомасы 16 млрд теңгеден асады. Сонымен қатар, құрылыс саласындағы проблемалық мәселелер айтылды. Өз кезегінде департамент басшысы «Protecting Business and Investments» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Департамент кәсіпкерлерді қорғайтынын және қолдайтынын, сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде әкімшілік кедергілердің алдын алатынын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша департамент пен «A&A Group-2007» ЖШС арасында жобаны жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойылды.