ЕАЭО мен Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда аймағын құруға қатысты келісім күшіне енеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ЕАЭО мен Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда аймағын құруға қатысты келісім күшіне енеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211229302761504.webp)
Осылайша, уақытша келісімге сәйкес Иран тарапы 360 тауарға (97 ауыл шаруашылық және 263 өнеркәсіптік) импорттық баж салығының төмендеуін қамтамасыз етті. Өз кезегінде, ЕАЭО елдері 502 тауарға (126 ауыл шаруашылық және 376 өнеркәсіптік) импорттық баж салығын төмендетті.
ЕАЭО пісте, құрма, інжір, мейіз, асшаян, кондитерлік өнімдер, ыдыс-аяқ, жуғыш заттар, кілемдер және пластмасса бұйымдары сияқты тауарларға импорттық баж салығын төмендетті.
Тараптар келісім шеңберінде уақытша келісім күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде толық форматты еркін сауда келісімі бойынша келіссөздер процесін бастау міндеттемесін қамтамасыз еткенін атап өту маңызды. Сонымен бірге, тараптар мұндай келіссөздерді уақытша келісім күшіне енген күннен бастап үш жылдан кешіктірмей аяқтауы немесе уақытша келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауы керек екенін атап өтеміз.
ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары келіссөздерді бастау туралы тиісті шешімді 2020 жылғы 11 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ отырысында қабылдады.
Толық форматты еркін сауда келісімін жасау туралы келіссөздер 2021 жылдың екінші жартысына жоспарланған, ал алғашқы консультациялар осы жылдың 17 ақпанында өткізілген.
Иранның ЕАЭО-ға кіруіне қатысты, қазіргі уақытта ЕАЭО-ға мүшелікке қабылдау және оны тоқтату мәселелері белгілі бір рәсіммен реттелетінін атап өтеміз. Сонымен, ЕАЭО-ға кіруге өтініш беру үшін мемлекет белгілі бір процедуралық қадамдардан өтуі керек, оның ішінде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес төрағасының атына өтініш беріп, кейіннен ол өтініш мүше мемлекеттердің қарауына жіберілуі тиіс.
2021 жылғы 17 ақпандағы жағдай бойынша Иран Ислам Республикасынан тиісті өтініш түскен жоқ. Осылайша, Иранның ЕАЭО-ға кіруі туралы сөз қозғау әлі ерте.