Елордада алғаш рет құрылыс крандары шығарыла бастады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада алғаш рет құрылыс крандары шығарыла бастады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112291929487364.webp)
[caption id="attachment_65162" align="alignnone" width="989"] Фото: Александр Куприенко[/caption]
Алғашқы құрылыс крандарын "Лашын Фактори" ЖШС компаниясы шығара бастады. Бұл компания "Астана - жаңа қала" АЭА мүшесі, №1 индустриялық паркте орналасқан. Кәсіпорында отандық лифтілер де шығарылады.
«Қазір кәсіпорынды кеңейту бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Мысалы, осы лифтілер ЭКСПО кезінде қолданылып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынған тұрғын үй кешендеріне де орнатылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, инвесторларға қолайлы жағдай жасап, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін жұмыс істейміз. Пандемияға қарамастан, былтырдың өзінде 1 триллион теңгеден астам жеке инвестицияларды тарту мүмкін болды. 111 инвестициялық жоба қолдау тапты. Бірінші кезекте - қала тұрғындары мен қалаға қажет жобаларды қолдаймыз. Олардың қатарына - өнеркәсіп, логистика, сауда және т.б. салалардағы нысандар кіреді», - дейді елорда әкімі.