Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті
ашық дереккөз

Нұртілеу Иманғалиұлы "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас",  "Айна", "Жас жігер","Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды. Н.Иманғалиұлы 2006-2007 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымы Нұртілеу Иманғалиұлының жақындары мен туған-туыстарына қайығырып көңіл айтады. Бүгін Ұлттық арна эфирінен естелік хабарлар мен арнайы жобалар беріледі.