Швейцарияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған марка шығарылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Швейцарияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған марка шығарылды
ашық дереккөз

Пошталық маркалар Елшіліктің күнделікті хат-хабарларында, сондай-ақ кәдесый ретінде пайдаланылады. Швейцарияда қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен электронды қызметтердің жоғары дамуына қарамастан, пошта-корреспонденциясы қоғам өмірінде маңызды орын алады. Карантин кезеңінде пошта қызметтері Швейцария тұрғындарының онлайн-сатып алу санының артуына байланысты бірнеше есе өсті. Сыйлықтар, тауарларға тапсырыс, хаттар салынған конверттер – бүгінгі күні «сары алып Swiss Post» арқылы сәлемдемелер мен конверттердің көптеген саны өтіп жатыр. «Қазіргі уақытта біз күн сайын миллионнан астам сәлемдеме өңдейміз. Бұл Post тарихындағы абсолютті рекорд», – деп атап өтті Swiss Post баспасөз өкілі Жаклин Бюлман. Жалпы алғанда, Швейцариядағы почта және пошта маркаларының тарихы орта ғасырлардан бастау алады және әлемнің түкпір-түкпіріндегі филателистердің назары мен қызығушылығын туғызады.