Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирді сәтті бастады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирді сәтті бастады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211230391635165.webp)
ашық дереккөз
Дүниежүзілік рейтингте 170-орында тұрған Д.Попко алғашқы айналымда әлемнің 88-інші, осы доданың 2-ракеткасы, америкалық Себастьян Кордамен күш сынасты. Қазақстандық теннисші 6:4, 6:3 есебімен екі партияда жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 10 минутқа созылды. Д.Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 187-ракеткасы, латвиялық Эрнест Гулбис немесе рейтингте 373-сатыдағы италиялық Рауль Бранкаччионың біреуімен таласады. Италиядағы дода 21 ақпанда аяқталады.
Ұқсас жаңалықтар