Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға қашан шығатынын айтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға қашан шығатынын айтты
ашық дереккөз

Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында жазды. «Жарақатқа алаңдап, жанашырлық танытып, тілеулестігін білдіріп жатқан барша жанкүйерге ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздер өте көпсіздер. Маған сенесіздер. Оны өте жақсы білемін. Қазір елдеміз. Жарақатты емдеуді бастап кеттік. Бел енді бұрынғыдан да мықты болады. Бұл жарақаттың қазір шыққаны дұрыс болды. Чемпиондық жекпе-жек алдында болса, қиналып қалар едік. Бізге ненің қайырлы екенін Алла жақсы біледі. Бұйырса мамыр айында рингке оралуға дайын боламыз. Рингті сағындым», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы. Естеріңізге салсақ, орта салмақтағы WBO Global чемпионы соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізіп, аргентиналық боксшы Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.