Жыл басынан бері 800-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (65,9%) Өзбекстаннан, 19,3% – ҚХР-дан, 6,3% – Түркіменстаннан, 4,2% – Моңғолиядан және 4,3% – басқа елдерден келгендер.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (40,9%), Маңғыстау (12,5%) және Түркістан (6%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (6%) және Шымкент (16,9%) қалаларында қоныстанды.
Осы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,7%-ды, еңбекке қабілетті жасқа жетпегендері 21,4%-ды және зейнеткерлер 19,8%-ды құрайды.
Ұқсас жаңалықтар