Аты аңызға айналған перулік Ева Айллон Димаш туралы не айтты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Аты аңызға айналған перулік Ева Айллон Димаш туралы не айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211230427068602.webp)
Ева Айллонды дәстүрлі Перу музыкасының белгісі деп атайды. Ол әжесінің құрметіне сахналық есімін Ева деп атайды. Бала кезінен бастап ол мектептегі іс-шараларда, содан кейін теледидар мен радиода өнерін паш еткен.
Сахнада 50 жыл бойы өнер көрсетіп келе жатқан Ева – афро-перу музыкасының ең үлкен символдарының бірі болып саналады. Әншінің терең дауысы мен харизмасы тыңдаушыларының жүрегіне жол тапқан.
2019 жылы ол Latin Grammy Lifetime Achievement Award – музыка индустриясына қосқан ерекше үлесі үшін «Латын Грэмми» құрметті марапатын алған.
[caption id="attachment_64666" align="alignnone" width="696"] Фото: dimashnews.com[/caption]
Ал 2019 жылдың желтоқсанында Перудің дивасы Нью-Йорктегі Димаш концертінде бой көрсеткеннен кейін оның қазақстандық әншінің жанкүйері екені белгілі болды.
«Arnau Tour Envoy»-дан бір жыл өткен соң «FC Dimash Kudaibergen Peru World» фан-клубы Ева Айллоннан сұхбат алған. Әнші өзінің тәжірибесімен бөлісіп және Димашпен кездесу кезінде бастан кешкен сезімдері туралы үлкен ықыласпен әңгімеледі.
https://www.youtube.com/watch?v=gvkNIgj8n-c